«MY TEKELI» ТУРИСТІК ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
1026

Жаз айында көбіміз суға түсіп салқындап, серігіп қайтуға асығамыз. Ал тауға шығып таза ауамен тыныстап, табиғаттың кереметін көзбен көріп серуендеу тіпті керемет. Осы орайда Жетісу облысында қазақстандық туроператор өкілдері, БАҚ, travel-блогерлер үшін «My Tekeli» туристік шарасы ұйымдастырылды.

«Мy Тekeli» іс-шарасында түрлі көріністердің куәсі болдық. Екі күндік демалыста тауға жаяу көтеріліп, таңғажайып сарқырама мен будда тасына барып түрлі көріністерді тамашалап, тарзанкамен сырғанап, ошақ жанында ән айтып, көрікті жерлердін тарихымен таныстық. Сондай-ақ, тау басында қызықты топтық ойындар ойнап, кино да көрдік.
Текелінің табиғаты көз тартарлық жерлері жеткілікті. Атап айтқанда, біріншіден, Будда тасы тарихи ескерткіштер тізіміне енгізілген. Он екі ай суы құрғамайтын болған соң халық ол жерді киелі деп санаған. Одан әрі Серкешсай шатқалы Жетісу облысы Текелі қаласының маңында, теңіз деңгейінен 1550 метр биіктікте орналасқан. Жан-жағы ағаштармен қоршалған көркем тау және мөлдір «Жылы» сарқырамасы бар. Сарқырама суы салқын болса да ағыс астына түсіп суға шомылуға да болады. Бұл жерде демалып, табиғатты өз көзімен көріп күш-қуат аласың. Бір сөзбен айтқанда табиғаттың ғажайып туындысы.
«Мy Тekeli» шарасында әсем табиғатты көріп, жаңа орта мен көрікті жерлердін тарихымен танысып, ерекше естен кетпес сәттердін куәсі болдық.
Табиғат аясындағы шараның мақсаты – Жетісу облысындағы Текелі қаласының бірегей табиғи нысандары мен тарихи орындарын және Серкешсай көркем демалыс аймағын көпшілікке таныту болып табылады.

Зарина МАНАРБЕКҚЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ