ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

0
32

Жетісу облысының Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сарқытбай Құсаинов Алакөл ауданында тұрғындармен кездесіп, өңірдің қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Іс-шара барысында департаменттің 2024 жылғы жұмыс нәтижелері ұсынылып, аудандарда тәртіп орнату бойынша жүзеге асырылған шаралар баяндалды. Сонымен қатар, қоғамды алаңдататын бірқатар проблемалар да көтерілді. Атап айтқанда, интернет-алаяқтардың шырмауына түсіп қалмау, жол апаттарын болдырмау және жол қозғалысы ережелерін сақтау, есірткіге қарсы шаралардың маңызы мен мәселелердің алдын алу жолдары талқыланды. Мал ұрлығы мәселесіде күннің өзекті тақырыбына айналғаны айтылып, тұрғындарға сақтық шараларын сақтау жөнінде кеңес берілді.
Іс-шара соңында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне үлес қосқан ауданымыздың бірқатар азаматтары полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сарқытбай Құсаиновтың алғыс хаттарымен марапатталды. Аудан тұрғындарының ұсыныстары тыңдалып, мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

Назерке НАБИКЕНОВА
Алакөл ауданы


ПІКІР ЖАЗУ