СЫР МЕН САП

0
17

Мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде табанды еңбек етіп жүрген офицерлердің шығармашылық қабілеттерін таныту — үлкен рухани құндылық. Осындай игі шаралардың бірі жақында ҚР ҰҚК Шекара академиясында өтті.

Кеш ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің консультанты, әскери журналист, подполковник Манарбек Қарекеновтің шығармашылығына арналды.
Шара барысында Манарбек Айдынғалиұлы оқырмандарымен және жас курсанттармен жүздесіп, өзінің жүрек тебірентер өлеңдері мен терең ойлы поэмаларынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар, прозалық шығармаларын таныстырып, олардың жазылу тарихы мен идеялық мазмұны жайлы сыр шертті. Кеш қонақтары автордың сөзіне жазылған әндерге түсірілген бейнебаяндарды тамашалап, тың туындылардан рухани ләззат алды.
Бұл кеш шығармашылық пен әскери қызметтің өзара үндестігін көрсетіп, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, отансүйгіштікке баулуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

Талшын ИЕМБЕРДИЕВА


ПІКІР ЖАЗУ