«Басқұншы» шекара бөлімшесі – салауатты өмір салтын ұстанушылар

0
32

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесінің жеке құрамы салауатты өмір салтын ұстануды басты мақсаттарының бірі санайды. Әскери қызметтің ауыр да жауапты міндеттерін атқару үшін денсаулық пен мықты физикалық дайындық аса қажет. Осыған орай сарбаздар күнделікті жаттығуларды жүйелі түрде орындап, спорттық шараларға белсенді қатысады.

Бөлімше аумағында спорттық алаңдар мен жаттығу жабдықтары толыққанды пайдаланылып, жеке құрам арасында түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Бұл шаралар тек физикалық шынығуды ғана емес, ұжымдағы бірлікті, өзара қолдауды және достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Сонымен бірге, салауатты өмір салтына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, зиянды әдеттердің алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті


ПІКІР ЖАЗУ