«МАМАН» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

0
33

Жетісу облысында еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандық иелері үшін жағымды жаңалық – 25 тамызынан 5 қыркүйекке дейін «Маман» тұрғын үй бағдарламасы құжаттар қабылдайды. Жоба Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай әзірленіп отыр.

Бағдарлама аясында облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлініп, 50-ден астам отбасыны баспанамен қамтамасыз ету көзделген. Бұл бағыттағы жұмыстарды облыс әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ Жетісу облыстық филиалы бірлесіп атқармақ. Бағдарламаға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, БАҚ, энергетика, туризм, әлеуметтік қызметтер, ғылым, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен саяси партия филиалдарының қызметкерлері қатыса алады. Қатысушылар соңғы үш жылда Жетісу облысында тұрақты тіркеуде болып, кемінде бір жыл аталған салаларда еңбек етуі тиіс.
Негізгі талаптарға сәйкес, өтініш беруші 63 жасқа дейінгі азамат болуы, соңғы 5 жыл ішінде өзінде және отбасы мүшелерінде тұрғын үй болмауы қажет. Бұл ретте тұрғын үйге мұқтаж ретінде ресми есепте тұру міндетті емес. Ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

                                                                                                  Гүлнұр ЕРМҰХАНҚЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ