Президент Жолдауын түсіндірді

0
85

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Күз–2025» сарбаздары Үшарал қаласындағы Орталық кітапханада жиын өткізді.
Шара Алакөл ауданы ішкі саясат бөлімі мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі Р.Сейтқановамен бірлесе ұйымдастырылып, «Жаңа дәуір — жауапкершілік пен бірлік кезеңі» тақырыбына арналды.
Жиын барысында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі бағыттар түсіндіріліп, жастардың ел дамуына қосар үлесі мен жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті