«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ФЕЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ «MIRAS» КЕҢЕСІ ӨТТІ

0
63

Кеңеске облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары және кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібінде Жетісу облысында 2023-2027 жылдарға жоспарланған мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жүргізу, жаңадан салынатын мәдениет нысандарының ашылуы туралы жұмыстары қаралды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды.

Өңірде 317 мәдениет және архив мекемелері халыққа қызмет көрсетеді: 138 мәдениет 149 кітапхана, 13 музей, оның ішінде 8 ауылда, 2 галерея, 11 архив, 4 облыстық мекемелері жұмыс істеуде.

Бұл туралы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы баяндама жасады.

Мәселен, облысымыздағы мәдени нысандар бойынша 2025 жылы Қаратал ауданы Көкпекті ауылы, Панфилов ауданы, Тұрпан ауылдық мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Көксу ауданы Мұсабек ауылдық блокты — модульді клубы орнатылып қолданысқа берілді.
Өңірде 9 мәдениет нысанының жаңа құрылысын салуға бюджеттен қараджат бөлінді, оның ішіндегі 4 нысан 2024 жылдан 2025 жылға ауысқан болатын, қазіргі таңда дайындық деңгейі 70% құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2025 жылдың желтоқсан айы. Қалған 5 нысан 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

— 2025 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша 4 халықаралық 513 облыстық деңгейде мәдени шаралар өткізілді.

Сонымен қатар, «Жұмысшы мамандықтарц жылы» аясында 2025 жылдың 9 айында «Еңбекпен ер атанғандар» тақырыбында көш керуені аудандарды аралап, 113 мәдени іс-шаралар өткізілді.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты жинақ шығарылып, 112 ескерткішке ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды – дейді басқарма басшысы Қуаныш Сұлтанұлы.