ОТБАСЫ МЕН ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

0
21

AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібінде Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтардың үлесін арттыру, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімдеу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды.

Аталған мәселе бойынша Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев жол картасы аясында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.

Оның айтуынша: «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша жол картасында көзделген 11 көрсеткішті орындау бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.

Мәселен, «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқудан 889 адам қамтылды, оның ішінде 595 адам оқуды аяқтап, сертификат алды. Оқуды аяқтаған 595 адамның 379-ы немесе 64% жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.

— «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының іске асыру жөнінде өңірде 193 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына бейімдеу жоспарланған. Бүгінгі күнге аудан, қалалардан 162 нысанға қолжетімділік жұмыстары жүргізілді қалған 31 нысандарда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қыркүйек айының соңына дейін бейімдеу жұмыстары аяқталатын болады – дейді Ермек Мизамбаев.

Жиын соңында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бағытында бірқатар ұсыныстар мен ескертпелер айтылып, оларды алдағы жұмыс жоспарларына еңгізу туралы шешім қабылданды.