ШЕКАРАШЫЛАР «ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында «Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Ұлттық диктант» жобасына қатысты.
Іс-шараның мақсаты — мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қызметшілердің сауаттылығын нығайту және тіл мәдениетін насихаттау болды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті