ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕГЕН САРБАЗҒА ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында әскери қызметін абыроймен өтеген Текелі қаласының тұрғыны Сергей Неродаға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов Алматы технология университетінің электротехника және автоматтандыру факультетінде тегін білім алу сертификатын табыс етті.
Бұл мүмкіндік Мемлекет басшысының жастардың әскери қызметке қызығушылығын арттыру мақсатында іске асырылған «Срочник 2.0» жобасы аясында берілді. Сергей Нерода ҚР ҰҚК Шекара қызметі басшылығына және облыс әкімдігіне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, алған білімін ел игілігіне жұмсайтынын атап өтті.
.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті