БАТЫР ӘЛИЯНЫҢ ЕРЛІГІ — ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қорғас» шекара бөлімшесінде Қорғас орта мектебінің оқушыларымен бірге Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті.
Шара барысында қаһарман қыздың Отан үшін жанын пида еткен ерлігі мен қайсарлығы туралы тағылымды әңгімелер айтылып, өскелең жас буынға патриоттық тәрбие беріліп, елге деген сүйіспеншілік сезімі нығайтылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
