ЖАҒЫМСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

0
37

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Жетісу» шекара бөлімшесінің жеке құрамымен Достық ауылдық округінің әкімі Е.Еңсебаев, бас маман-заңгер Қ.Тастанбекова, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы Қ.Жақсыбай және учаскелік полиция инспекторы Ж.Қалиевтің қатысуымен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында әскери ортада және қоғамда жағымсыз әрекеттердің алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру, әдеп пен тәртіп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар өзара пікір алмасып, қызметтік және қоғамдық жауапкершілікті күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті