ӘСКЕРИ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ҮГІТ-НАСИХАТ

0
34

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Достық ауылындағы Достық шағын орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібі, талаптары мен артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, шекара қызметінің беделі, әскери мамандықтың абыройы мен Отан қорғау ісінің маңыздылығы айтылды. Іс-шараның мақсаты – жастардың патриоттық рухын көтеріп, олардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру болды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті