ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРІКМЕНСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

0
30

Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кеңейтілген құрамда кездесу өткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Келіссөздерде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-логистикалық байланыстарға ерекше назар аударылды. Энергетика, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, IT, білім беру және медицина салаларындағы бірлескен жобалар да қаралды.
Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы 5 жылда екі ел арасындағы сауда көлемі төрт еседен асып, 500 миллион долларға жеткенін атап өтті. Қазақстанда 140-қа жуық түрікмен капиталы бар компания жұмыс істейді, инвестициялар 120 миллион доллардан асты.
Мәдени-гуманитарлық салада да ынтымақтастық күшейтіліп, мәдениет күндерін алма-кезек өткізу және көрнекті қайраткерлер ескерткішін ашу сияқты шаралар жоспарланған. Президент екі елдің ортақ тарихы мен мәдени құндылықтарын ескере отырып, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

 

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»