САРБАЗДАРМЕН ТРЕНИНГ ӨТТІ
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының сарбаздарымен ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанттары тренинг өткізді.
Тренингтің негізгі мақсаты — әскери қызметшілердің өзара бірлігін, сенімін нығайту, сондай-ақ әскери тәртіпке сай әрекет ету қабілетін дамыту. Іс-шара барысында қатысушыларға топтық жаттығулар, сенімге негізделген тапсырмалар және шекара қызметіндегі үйлесімді жұмысқа қажетті дағдылар үйретілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
