Бауыржан Момышұлына арналған тағылымды кеш өтті

0
21

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамымен Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына арналған тағылымды кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында даңқты батырдың өмір жолы, жауынгерлік ерлігі мен елге сіңірген еңбегі туралы мазмұнды әңгімелер айтылып, оның Отанға адалдық, тәртіп пен батылдық жөніндегі өнегесі әскери қызметшілерге үлгі ретінде насихатталды. Іс-шара жеке құрамның патриоттық рухын нығайтуға бағытталды.

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті