АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН КҮТІП ҰСТАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
25

2 ақпан күні Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстарға арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараға Жетісу облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айдос Досжанов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жетісу облыстық филиалы директорының орынбасары Жасұлан Қалтаев қатысып, өңірдегі жол инфрақұрылымының қазіргі жағдайы туралы баяндады.
Баспасөз мәслихаты барысында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау, қысқы кезеңдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол жамылғыларын уақтылы тазалау және көлік қозғалысының үздіксіздігін сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Айдос Досжанов өз сөзінде жол сапасын жақсарту және тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету – басқарманың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Ал Жасұлан Қалтаев «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы тарапынан облыс аумағындағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын, қажетті материалдық-техникалық ресурстар жеткілікті екенін жеткізді.
Кездесу соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, алдағы кезеңге жоспарланған жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары туралы нақты ақпарат ұсынылды.

Айым Сабыржан,
ЖУ студенті