ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

0
31

Отбасылық құндылықтарды нығайту, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу — мемлекет пен қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта Жетісу облысында кешенді профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

2026 жылғы қаңтар айынан бастап Талдықорған қаласында «Жанұя» отбасы қолдау орталығы өз жұмысын бастады. «Жанұя» орталығы қиын жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау, конфликт жағдайындағы отбасылармен медиация жүргізу, ата-аналар мен балаларға адам құқықтары мен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету бағытында жұмыс атқарады. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық-түсіндіру науқандары ұйымдастырылуда.
Орталық қызметі полиция, прокуратура, сот органдары, пробация қызметі және әлеуметтік мекемелермен тығыз өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асады. Алғашқы айда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты екі өтініш қабылданып, тиісті психологиялық және құқықтық көмек көрсетілген.
Жалпы, Жетісу облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар күшейтіліп, профилактикалық акциялар, ақпараттық жұмыстар және ведомствоаралық өзара іс-қимыл тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстар отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамда зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған.

Ақбота Қайрат,
ЖУ студенті