«Зүбән апа»

0
29

(ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы балабақша)

Баланы жастан…
Баланы жастан тәрбиелеу, ата-бабамыздан келе жатқан игі дәстүр. Бала ес біліп тілі шыққаннан бастап, өмірдегі барлық әрекеттерді көргенін, естігенін т.б. іс-қимылдардың бәрін өзіне қабылдайды. Әр бір күнді қалт жібермей балаға тек жақсы сөздермен айтып ұғындырып, жақсы көріністер көрсетіп, бала санасын үлгі боларлық іс-әрекеттермен толықтырып қалыптастыру өте қажет. Біздің дана ата-бабаларымыз, әжелеріміз баланың көзінше жаман сөйлемейтін, оғаш қылықтар көрсетпейтін еді.

Басқа ұлттармен араласқалы бері салт-дәстүріміздің шынайылығы сақталмай, ұлтымызға тән емес тәрбие, жаман жат әдеттер жұғып, салт-дәстүрімізге жағымсыз бояулар жағылып, түр-түсі өзгеріп барады.
«Тәрбие — тал бесіктен бас-талады» демекші «Зүбән апа» балабақшасының негізгі мақсаты сол бүлдіршін балаларға ұлттық тұрғыдағы бағытта тәрбие беріледі.
Балабақша жұмысымен танысуға 2026 жылдың 30 қаңтар күні «Зүбән апа» балабақшасының алдын-ала ескерту бойынша есігін қақтық. Бізді есіктен жылы қарсы алған балабақша меңгерушісімін деп өзін таныстырған Мәншүк Нұрғалиқызы алға бастап әрі таныс-тыра жүріп барлық бөлмелерді аралатып көрсетті.
Табалдырықтан аттағаннан бастап, қазақ ұлтына тән нақыштағы, табан астындағы төсеніштер, бұйымдар, ойыншықтар, бала-лардың киген киімдері, көптеген тағы басқа заттар бәрі ұлттық үлгіде көз тартады.
«Зүбән апа» балабақшасында 3 топта 69 бала тәрбиеленуде. Кіші топ — 1,5-2 жастағы сәбилер, орта топта – 3-4 жастағылар, Үлкен топқа — 4-5 жастағы балалар тартылған.
ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мектепке дейінгі баланы ерте кәсіпке баулу туралы жоба бойынша республика өңірінде осы жоба конкурсына 100 балабақша қатысып жатыр. Жетісу облысы бойынша 5 балабақша болса солардың біреуі «Зүбән апа» балабақшасы. 3 топта 6 тәрбиеші бар, олар жарты күннен ауысып тұрады.
Құрылтайшы Айнаш Өмірсадыққызы, балабақша меңгерушісі Мәншүктен бөлек топта бірден 3 көмекшілер бар. Аспазшы 1-еу.Жалпы балалармен 12 адам жұмыс жүргізеді оның сыртында әрине тазалаушы, жұмысшылар қызмет атқарады.
Балабақша құрылтайшысы Айнаш Өмірзаққызының жұмыс барысында сыртта жүруіне байланысты барлық мәліметтерді меңгеруші Мәншүк Нұрғалиқызынан алуға тура келді.
— Мәншүк Нұрғалиқызы ұлттық құндылықтарды дәріптеу барысында қандай бағыттарда жұмыстар жүргізесіздер?
— Аптасына 1 рет балалар тігін мәшинелерімен құрақ құрау, тоқыма станоктарымен тоқыма тоқу, саз балшықтан қыш құмыра, ыдыстар жасайды. 2025 жылдың желтоқсан айының 1,2,3 жұлдызды күндері ұлттық сән үлгілерінен өткен халықаралық жарысқа Қырғызстанға барып «шеберлер шеруі» атты тігіншілер байқауына (құрақ құраудан) 4 бала қатысып, бас жүлде алып қайттық.
Балаларды бау-бақшада ең-бекке баулимыз. Қопарылып тырмаланған дайын жерге көкөністер егіп, көшеттер отырғызып, құрал-саймандардың атауын біліп онымен жұмыс жасап үйренеді. Зоо бақта тауық, қаз, павлин, қой, ешкі сияқты үй жануарларын көріп, біліп өседі. Тұзды шахтаға балалар анда-санда кіріп тыныстап шығуды ұйымдастырамыз.
Анда-санда белгілі жоспарға сәйкес музейге, балаларға арналған тақырыптағы театрға апарамыз. Өзіміз қуыршақ театрын ұйымдастырамыз.
— Балалардың тамақтануы қалай ұйымдастырылған?
— Балалар күніне 5 уақыт тамақтанады. Таңертең ботқа, сағат 10:30-да жеміс-жидек беріледі. Түскі ас сағат 12 де 1-ші, 2-ші тамақ, салат, кампот береміз. 13-15 сағат арасында түскі демалыс. Түскі демалыстан кейін ұйқы ашар ретінде шәй және қолдан пісірілген тоқаш береміз (Тоқаш аптасына 3 рет). Кешкі асқа көже, сорпа беріледі. Балалар балабақшада ертеңгі 8-ден кешкі 18-ге дейін уақыт өткізеді.
— Өзіңіз айтып өткендей балабақшаның негізгі ерекшелігі ұлттық құндылықтарды дәріптеу екендігін табалдырықтан бастап төрге дейінгі безендірулерден, ойыншықтардан, балалардың киім киісінен айқын көрініп тұр. Енді осы уақытқа дейінгі балалардың ұлттық негіздегі қолөнерлік іс-әрекеттерін көре аламыз ба?
— Иә көре аласыздар. Кіші топтағы балаларға тәрбиешілер қуыршақ театры әдісімен ертегі айтып берді, ортаңғы топтағы балалар саз балшықтан ыдыс-аяқ бұйымдарын жасап көрсетті. Ересек топтағы балалардың әрқайсысының алдында тігін машинасы мен тоқу станоктары қойылыпты.
Балалардың қолөнермен айналысу кезіндегі әрекеттерін көріп, риза болдық. Балалардың балабақшадағы киген киімдері ұлттық нышандағы өрнектермен безендірілген. Балаларға тігін мәшинелерімен құрақ құрағанда өю-өрнегі бар алжапқыш кисе саз балшықпен жұмыс жасағанда басқа алжапқыш пен қолдарына жұқа рәзіңке қолғап кигенін көрдік. Балалармен тек қана қазақ тілінде тілді шұбарламай сөйлесуге тырысамыз дейді. Көбінесе кейбір кейін енген сөздерді мүмкіндігінше қазақша баламасын айтамыз.
— Балаларды тасымалдау жұмысы қалай ұйымдастырылған?
— Балаларды тасымалдау әр ата-ананың жауапкершілігінде. Әр ата-ана онлайн бойынша балабақшадағы балаларының немен айналысып отырғанын көріп, бақылау жасай алады.
Балабақша ұдайы мемлекеттік бақылау аясында жұмыс жүргізеді. Тәрбиешілердің жалақысы мемлекеттік білім стандартындағы тарифке сай қанағаттанарлық жағдайда екендігін де айтып өтті.

Сембек Әбді-Рахман