ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жетісу облысында өңірдегі ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Іс-шарада Жетісу облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Абильбаев Дархан Қуатұлы 2025 жылдың қорытындылары мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Маманның айтуынша, 2025 жылы облыс аумағында ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары толық көлемде жүргізілген. Сонымен қатар, жылдық жоспар 100 пайыз орындалған.
2024 жылмен салыстырғанда ұсақ мүйізді мал саны 329 басқа азайып (29%), жануарлар арасында ауру тіркелу деңгейі 81 пайызға төмендеді. 2026 жылға жануарлар арасында аса қауіпті аурулардың алдын алуға бағытталған жоспарлар бекітіліп, ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту жұмыстары ақпан айында басталғанын хабарлады.
Алиса Есенбекова,
ЖУ студенті
