ҮЗДІК АУДАН АТАНДЫ

0
25

13 ақпанда Жетісу облысының әкімі Б.Исабаевтың төрағалығымен «2025 жылғы Әлеуметтік-эканомикалық даму қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттер бойынша» облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысы өткізілді.

Отырысқа басқарма, департамент, мекеме басшылары, аудан, қала және ауылдық округ әкімдері мен аудандық, қалалық мәслихат төрағалары шақырылды.
Осы жиында 2025 жылы барлық номинациялар бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен Көксу ауданына Облыс әкімі Б.Исабаев «Үздік аудан» — деген сертификатты аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халеловке тапсырды.
Аудандағы мекеме басшыларымен және де басқа қызметшілер жиналған жиында аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов:
– Жетісу облысы құрылғалы бері Ауданның экономикасының даму көрсеткіштері жаман емес. Алайда ауданның ішкі мүмкіндіктері бұдан да жоғары. Біз оларды толығымен пайдалануымыз керек.
Біз өз тарапымыздан жіберілген барлық кемшіліктерді ашық айттық. Проблемалық мәселелерді оң түсіну, оларды нақты шешу жолдарын қарастыруымыз қажет. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Өзара түсіністікпен, біліктілік пен іс-тәжірибемізді ұштастырып қызмет етсек жаңа жетістіктерге жететінімізге мен сенемін.
Ауданымыз «Үздік аудан», атағына ие болды. Бұл жетістік барлық аудан қызметкерлерінің тиянақты еңбегі мен төккен терінің натижесі деп нық айта аламыз. Жеңісіміз құтты болсын ағайын! – деп қуанышымен бөлісті.

Сембек ӘБДІ-РАХМАН
Көксу ауданы