ОҚЫС ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ

0
35

Жетісу облысында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қаратал және Балықты өзендерінің қауіпті учаскелері тазартылып, жағалаулар бекітілуде. Қаратал өзенінде инертті материал қоры дайындалып, бірқатар аумақта арнаны тазарту мен жағалауды нығайту жалғасады. Барлығы 7 эвакуациялық пункт әзірленіп, арнайы техника тартылған.

Қала мен ауылдық округтерде арық-канал желілері тазартылып, кәсіпорындармен төтенше жағдайға дайындық бойынша келісімдер жасалған.
Сонымен қатар өңірде өрт қауіпсіздігі мәселесі өзекті. Жыл басынан бері 68 өрт тіркеліп, көрсеткіш азайғанымен, зардап шеккендер саны артқан. Жылыту маусымында 97 өрт болып, адам шығыны тіркелді. Өрттің негізгі себептері – электр сымдарының қысқа тұйықталуы мен пешті дұрыс пайдаланбау.
Алдын алу үшін 2463 газ датчигі орнатылып, халық арасында кең түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.