55 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШТЫ КҮНІ

0
33

Жетісу облысының орталығында 55 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Бұл үйлер әлеуметтік жағдайы бойынша кезекте тұрған отбасыларға табысталды.

Үй кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырып, тұрғындарды қуанышты күнмен құттықтады. Ол жаңа үй әр отбасының тұрмысын жақсартуға үлкен мүмкіндік екенін айтты.

Жаңа үйлер Талдықорған қаласындағы «Жастар-3» тұрғын ауданында орналасқан. Әр үйдің жанында шағын жер телімі бар, тұрғындар бау-бақша өсіре алады. Үйлер толықтай жарықпен, сумен және газбен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар жол салынуда, жақын арада транспорттық көліктерде жүргізілмекші. Алдағы уақытта елді мекенде мектеп, емхана және демалыс орындары да салынбақ.

Жалпы жоба бойынша бұл ауданда жүздеген үй салу жоспарланған. Қазіргі таңда бірқатар үйлер дайын болып, адамдар қоныстанып жатыр. Қалған үйлердің құрылысы жалғасуда. Алдағы айларда тағы да көптеген отбасы жаңа баспанаға қол жеткізеді деп күтілуде.

Алиса Есенбекова

ЖУ-Студенті