«ТЕГЕУРІНДІ ТЕМІРҒАЛИ – ЖЫР ЖАМПОЗЫ»

0
23

Қазақ халқының рухани қазынасында жыршылық пен термешілік өнердің алар орны ерекше. Сол асыл мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген дара тұлғалардың бірі – Темірғали Рүстембеков. Биыл ақынның туғанына 120 жыл толуына орай Талдықорғанда «Ұлттық өнерді ұлықтайық» атты іс-шара өтті.

Өнер мектебінде өткізілген «Тегеурінді Темірғали» атты жыршы-термешілер семинары ақынның артында қалған мол мұрасын жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат етті.
Шара барысында алып тұлғаның жыр, термелерін жас өнерпаздар мен білікті мәдениет мамандары көрермен алдында шырқады. Ақынның шығармашылығында ел бірлігі, адамгершілік, имандылық, еңбекқорлық секілді құндылықтар кеңінен көрініс тапқан. Оның термелері тыңдаушыны ойға жетелеп, тәрбиелік мәнімен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, жиын барысында әкесі жайлы құнды естеліктерімен бөліскен ақынның қызы Күнсая Оспановаға құрмет көрсетіліп, шапан жабылды.

Ақбота ҚАЙРАТ,
ЖУ студенті