
КІМНІҢ ДОНЕРІ ӨТІМДІ?
Қалада донер жегің келсе, ұзақ ойланудың керегі жоқ — Жансүгіров көшесіне барсаң болды. Бұл көше қазір донердің «орталығына» айналып кеткендей.
Бір күні жұмыстан шығып, түскі ас ішуге Жансүгіров көшесіне бардық. Тамағымызды күтіп отырып «Неге «Донер на Абая» Абай көшесінің бойынан ашылмады екен» деп әзілдеп отырғанбыз. Солай әңгіме өрбіп, сол көше бойында ылғи донер сататын дәмханалар тұрғаны жайлы айтып кеттік. Медициналық колледждің бойымен түссең, донер сататын жердің көшін Lavash бастап тұр. Ары қарай «Донер на Абая», Smile’s, Doner 24/7, Ata doner. Аздап жүрсең тағы Emar, Parmezan бар.
Бір көшенің бойында осынша донер сататын орын болғаны қызық көрінді. Сосын өзімізше «мынау кәдімгі донердің көшесі ғой» деп күліп алдық.
Әрқайсының өз клиенті бар екен. Кейбіреулер «Smile’s пен Донер на Абая дәмді, әрі түнге дейін ашық» дейді. Шынында да, түнде жүретіндер үшін бұл үлкен плюс. Ал енді біреулер «Lavash-тың донері жақсы» деп мақтайды. Ata doner туралы да әртүрлі пікір бар: біреу ұнатады, біреу «құрғақ» дейді.
Яғни, бұл жерде кәдімгі бәсеке жүріп жатыр. Әркім өзіне ұнаған жерді таңдайды. Бірақ бәрінің бір жерде жиналып тұрғаны қайсысына қолайсыз болып тұр екен? Әрине ол жалға алынатын немесе сатып алынатын орынның орналасқанына байланысты ғой. Бұл көше адам көп жүретін, тіршілік қайнап жатқан жер. Сондықтан кәсіпкерлер де осы жерді таңдайды.
Бірақ осының бәрін көріп отырып, санамызға бір ой келеді. Біздің қалада жастар баратын орындар аз дегенді бәрі айтады. Көпшілік Ситидағы және Атамекендегі кинотеатрға немесе тамақ ішетін жерлерге барады. Басқа демалатын, уақыт өткізетін қызықты орындар жетіспейді.
Мүмкін, қалаға донер сататын дәмханадан басқа да қызық орындар керек шығар. Мысалы, демалатын, ойын ойнайтын, достармен жиналатын жерлер көбейсе жақсы болар еді.
Ал әзірге, біздің басты «маршрутымыз» өзгермейтін сияқты: алдымен киноға, сосын Құс жолының бойындағы фаст фудпен тамақтануға барамыз.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ
