Алакөл ауданында жоғары әскери оқу орындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Арасан» шекара бөлімшесі жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, жоғары әскери оқу орындарына түсу жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға әскери мамандықтардың ерекшеліктері, оқу орындарына қабылдау талаптары мен іріктеу кезеңдері түсіндірілді. Сондай-ақ болашақта ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери мамандықтардың маңызы зор екені атап өтілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
