«TURGYNDAR AMANATY» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
21

«Amanat» партиясының Жетісу облыстық филиалында «TURGYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында кездесу өтті. Шараға мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, коммуналдық қызмет мекемелері, пәтер иелері бірлестіктері (ПИБ) мен пәтерлерді пайдаланушылар кооперативтерінің (ППК) өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тұрғын үй-коммуналдық саладағы өзекті мәселелер талқыланып, жергілікті атқарушы органдардың атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ Талдықорған қаласындағы ПИК қауымдастығы мен «AMANAT» облыстық филиалы арасында ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған меморандумға қол қою мәселесі қаралды.
Жиында «TURGYNDAR AMANATY» фронт-офисін ашу бастамасы да көтерілді. Бұл орталық тұрғындардың өтініштерін жедел қарауға, құқықтық және консультативтік көмек көрсетуге бағытталады.
Кездесу соңында қатысушылар өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасты. Әсіресе тұрғын үйді басқару, коммуналдық қызмет сапасы және тариф мәселелері кеңінен талқыланды. Фронт-офистің жұмысы басталып, тұрғындардың мәселелерін тиімді шешуге бағытталған жаңа бастама ретінде іске қосылды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ