АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0
51

Жеңіс күні қарсаңында Жетісудың Ұлы Отан соғысы ардагері мен тыл еңбеккерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек берілді.

Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 11-68 «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, жеңістің 81 жылдығына орай әлеуметтік көмектің бірнеше санаты қамтылды.
Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Құсайыновқа 5 млн. теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, тылда еңбек еткен 418 ардагердің әрқайсысына 112,4 мың теңгеден беріліп, жалпы төлем көлемі 46,9 миллион теңгені құрады. Бұдан бөлек, соғыс мүгедектерінің қайтыс болғаннан кейінгі 16 жесіріне де дәл осындай мөлшерде көмек көрсетіліп, жалпы сомасы 1,8 млн. теңге төленді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ