«Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында діни сауаттылық тақырыбында сабақ өтті

0
23

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы жеке құрамымен «Сенімді діни ақпаратты қайдан алуға болады» тақырыбында сабақ өткізілді.
Іс-шараға Жетісу облысы діни істері басқармасы ММ Панфилов аудандық өңірлік маман-теологі Әділғазиев Жансерік қатысып, әскери қызметшілерге сенімді діни ақпарат көздерін дұрыс пайдалану, жалған діни ағымдардың ықпалынан сақтану және діни сауаттылықтың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сабақ барысында дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтудың маңызы кеңінен айтылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті