«HALYK ӘУЕНІ» КОНЦЕРТТІК ГАСТРОЛЬДІК ТУРЫ ӨТЕДІ

0
41

Жансүгіров ауылында қазақстандық танымал өнер ұжымдары көрерменге мерекелік концерт ұсынады.

2026 жылғы 22 мамыр күні сағат 18:00-де Жансүгіров ауылы тұрғындары мен қонақтарына «Halyk әуені» концерттік гастрольдік туры ұсынылады. Мәдени кеш Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі ғимаратында өтеді.
Концерт аясында «Camerata Kazakhstan» мемлекеттік классикалық музыка ансамблі мен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры солистері өнер көрсетеді. Бағдарламада әлемдік классикалық шығармалармен қатар, қазақтың ұлттық музыкалық мұрасы және заманауи туындылар орындалады.
Ұйымдастырушылар өнерсүйер қауымды жоғары деңгейдегі музыкалық кешке қатысуға шақырады. Кіру тегін.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ