ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА ЖҰМЫС ІСТЕГІСІ КЕЛЕТІН ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК

0
33

Өткен аптада елімізде жазғы демалыс уақытында оқушылар мен студенттер жұмыс істей алады деген жаңалық тараған еді. Соған байланысты редакциямызға ата-аналардан «Баламызды жазғы жұмысқа орналастыру үшін қайда жүгінеміз?» деген сауалдар түсуде.

Талдықорған қаласының «Мансап» орталығы жазғы демалыс кезінде оқушылар мен студенттерді қоғамдық жұмыстарға және «Жасыл ел» бағдарламасына тарту жұмыстарын жүргізіп жатқанын брифинг барысында хабарлаған болатын. Бұл жастардың алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтап, табыс табуына мүмкіндік береді.
Осы мүмкіндікті пайдаланғысы келетін ата-аналар мен жастар Талдықорған қаласының «Мансап» орталығына жүгіне алады. Олардың мекенжайы: Талдықорған қаласы, Қабылиса жырау көшесі, 119. Ал тоық ақпаратты білу үшін +7 (728) 232-41-84 байланыс телефонына хабарласып көріңіздер.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»