Алакөл ауданында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

0
39

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Алакөл аудандық филиалының қызметкерлері қатысып, шекара басқармасының саптық алаңында жеке құраммен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын жанды дауыспен салтанатты түрде орындады.
Аталған шара мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, патриоттық рухты нығайту және елге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында өтті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті