ҚАРЫЗ ӨТЕЛУІМЕН ҚҰНДЫ

0
32

 

Борышкер мен жеке сот орындаушысының арасындағы байланыс сот шешімі шыққан соң сот актісін міндетті түрде орндатуға бағытталған шаралар барысында қалыптасады. Атқарушылық іс жүргізу қозғалуына байланысты бұлар атқарушылық іс жүргізудің қос тарабына айналады.

        Атап айтсақ, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңының 15-бабына сәйкес өндiрiп алушы мен борышкер атқарушылық iс жүргiзу тараптары болып табылады. Өз пайдасына немесе мүдделерiне атқарушылық құжат берiлген жеке немесе заңды тұлға өндiрiп алушы болып табылады. Атқарушылық құжатта көзделген талаптарды орындауға мiндеттi жеке немесе заңды тұлға борышкер болып табылады. Атқарушылық iс жүргiзуге бiрнеше өндiрiп алушы немесе борышкер (бірге қатысушылар) қатыса алады. Олардың әрқайсысы атқарушылық iс жүргiзуге дербес қатысады. Атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзi ғана орындай алатын мiндеттер (жеке мiндеттер), жүктелген жағдайларды қоспағанда, бірге қатысушы атқарушылық іс жүргізуде өз мүдделерін қорғауды, басқа бірге қатысушыға оның келісімімен тапсыруы мүмкін.
Тегінде, борышкерлердің арасында әртүрлі адамдар ұшырасады. Қарызын жауып тастауға қолында мүмкіндігі болмай, уақытында төлей алмай жүргендермен қатар, борышын өтеуде түрлі тәсілдермен жалтарып, ұстатпауға әрекет етіп жүретіндері басым. Сондықтан борышкер азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру керек сынды. Өйткені өзінің қарызы бар екенін біле тұра төлемейтіндер көп. ЖПБ-не жол ережесін бұзған жағдайда кейбіреулер өтірік мекенжай жазып береді. Ескерту хат жібергенде мекен-жай дұрыс болмай, қайтарып жатқан жағдай өте көп. Расында, сот шешімін орындау, өндіріп алу қиынға соқтырады. Жеке сот орындаушыларының жұмысы өте қиын. Ескерту хат жібереміз. Оны алса да төлемейтіндер тіптен көп. Егер алмаған күннің өзінде «Реестр должников» желісі арқылы біліп отыруға болады. Бізге айыппұл төлеу туралы шешім келіп түскен соң ескерту хат жібереміз. Сосын 10 күн күтеміз. Осы уақыт аралығында айыппұл және де басқа төлемдерді төлемеген жағдайда ғана арест қоямыз. ЖПБ ПП алдымен тексеріп алуы керек. Төленбеген жағдайда ғана бізге жіберуі керек. Сосын біз мемлекеттік кірістер басқармасына сұраныс хат жолдап отырамыз. ҚР «Атқарушылық өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 32-ші бабында сот шешімі шыққанан кейін біз 3 күн ішінде «арест» қоюға құқымыз бар.
Дегенмен, істі насырға шаптырмай, ақыр төленетін борышты, шама шарқы келгенше, тамтұмдап болса да төлей бергеннен артығы жоқ қой. «Қарыз өтелуімен құнды» дегендей берешекті уақытында өтеп болып, ешкімнен жасырынбай емін- еркін жүрген жөн емес пе.
Айгерім АСБЕКОВА

Жетісу облысының
жеке сот орындаушысы