Жекпе-жек мектебі боксшыларының жетістігі
Талдықорған қаласында бокстан 2011 — 2012 жылы туған жеткіншектер арасында өткен Жетісу облысы чемпионатында Жетісу облысының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебінің оқушылары жақсы қырларымен көзге түсіп, бес медальды қанжығаға байлады.
Атап айтқанда, 46 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Балтабай Нұрзат, 48 келіде сынға түскен Санжар Мухаметжанов және 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дәулет Малгеждар топжарып, облыс чемпионы атанса, Ерзат Балтабай (48 келі) және Рахым Мұратқан (52 келі) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтеріліп, қола медальды қоржынға салды. Сөйтіп, жалпыкомандалық есепте үздік үштікті түйіндеді. Балғын боксшыларды дүбірлі додаға Қанат Бекбаев, Бақыт Жазықбаев, Рахат Оразалинов, Қамбар Аязов, Алмас Кұмарбаев, Қуаныш Нұрмұханов, Нұржан Мажинов сияқты білікті бапкерлер баптап апарды.
Сүйсінерлігі сол, бұған қоса Санжар Мұхаметжанов чемпионаттың үздік боксшысына тағайындалған жүлденің иегері атанды. (Бапкері Нұржан Мажинов) Мұнымен қоса, Жекпе-жек мектебінің бапкері – Қуаныш Нұрмұханов үздік төреші болып танылып, арнаулы сыйлықтармен марапатталды.
Ш.Батов
