Нан – тоқшылықтың бастауы

0
39

 Тамақ өнеркәсібі — халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге, тұтынушыға дайын өнімдерді жеткізуге арналған стратегиялық маңызы бар өндірістік кешен. Тамақ өнеркәсібінде наубайханалардың алатын орны ерекше екеніне күмәнданатын пенде жоқ шығар. Өйткені «адамдықтан» үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ » демекші, астың үлкені нан » десек қателеспеспіз.

 Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кездері наубайхана ашып, халықтың қажетін орындап жүрген кәсіпкерлер әр қалада, аудан орталықтарында баршылық. Халықтың көңілінен шығып, барлық талапқа сай өнім шығару әрқашан сын мен бақылау алаңында тұрған іс. Ол үшін жан-жақты кәсіби тәжірибе қалыптасуы керек.
Осындай жауапты іс атқарып келе жатқан ЖШС «Ақ жол — ырыс» 2007 жылдан бері халыққа қызмет көрсетіп келеді. Кәсіби шаруашылықты құрып, жұмысты ұйымдастырушы Тамара Бәзілқызы ЖШС – ің барлық жұмыстарын жолға салып берді. Қазіргі уақытта наубайханаға Жақан Жанат әрі есепші, әрі ұйымдастырушы ретінде жұмысты тоқтаусыз жүргізіп отыр. Сәті түсіп, наубайхана туралы қызығушылық танытып, бір-екі сұрақ қойған едім, менің сұрақтарыма жауап беруге тығыз уақытын бөліп, Жанат еш мүдірмеді.
— Жанат, сіздердің наубайханадан күніне қанша бөлке нан шығарылады. Ол қанша дүкендерге таратылады?
— Наубайхана күн сайын 1000-1500 бөлке нан шығарып, Балпық би кенті мен Талдықорған қаласындағы 70-80 азық – түлік дүкендеріне таратылады. Нау-байханаға шикізат (ұн) Семей қаласындағы «Ақ ниет» ұн зауытынан келіп тұрады.
— Наубайхананың жұмыс уақыты қалай? Қанша адам жұмыс атқарады?
-Наубайхана тоқтаусыз жұмыс жасап тұрады. Наубайхананың ішінде 6-7 адам жұмыс жасайды. Олар нан қалыптарын дайындау, ұнды араластырып илейтін станоктарға нормасымен ұнды салып, белгілі өлшемдегі ашытқы қосу, сумен араластырып қамыр көтерілгенше көріп бақылап тұрады. Ашыған қамырды белгілі өлшеммен қалыптарға одан әрі ,нан пешке салу, піскен нанды реттеп жинау сияқты жұмыстарды атқарады. Олардан басқа нан тарататын көліктерді жүргізетін 3 жүргізуші бар. ЖШС «Ақ жол ырыс» барлығы 10 адамды жұмыспен қамтып отыр.
— Жұмысшыларға еңбекақы-сын қалай өтейсіздер?
— Жұмысшылардың еңбекақы-сы күнбе-күн жұмыс уақытының соңында төленіп отырады. Орташа есепте әр жұмысшының жалақысы айына 200 мыңның шамасында болады.
Автордан: Көксу ауда-нындағы наубайханалар мен кондитерлік цехтардың нақты саны туралы ашық ресми дереккөздерде бірыңғай статистикалық мәлімет жоқ. Алайда елді нанмен қамтамасыз етіп отырған шағын наубайханалар жеке кәсіпкерлік ретінде аудан құрамына кіретін 10 ауылдық округте жергілікті тұрғындарды нанмен қамтамасыз ететін шағын жеке наубайханалар мен цехтар істеп тұр. Астың үлкені нанмен халықты қамтамасыз етіп отырған «Ақжол ырыс» наубайхана жұмысшыларын және аудандағы нан өнімдерін шығарып жатқан кәсіпкерлерді келе жатқан төл мерекелерімен құттықтаймыз!

Сембек Солтанұлы

«Алатау»