Жол сапасы жақсарады

0
2372

   Биылғы жылы облыста жергілікті маңыздағы жолдардың сапасын жақсарту үшін 556 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл жөнінде Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жоғарыда аталған жобалар үшін 62,7 млрд.теңге қарастырылған. Соның ішінде республикалық бюджеттен – 12,9 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 49,8 млрд. теңге бөлінді. Оның 15,3 млрд. теңгелік 40 жобасын «Нұрлы жол» шеңберінде, 3,5 млрд.теңгелік 19 жобасын «Ауыл – Ел бесігі», ал 19,7 млрд.теңгелік337 жобасын«Жұмыспен қамту жол картасы», 24,2 млрд.теңгелік160 жобасын жергілікті бюджет есебінен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жүзеге асыру қарастырылған.
Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2020 жылы «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті маңыздағы автокөлік жолының 326,3 шақырымын қайта жаңғырту мен құрылысын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, 29 шақырымды қайта жаңғыртуға 4 634,3 млн.теңге, соның ішінде Балқаш көліне дейінгі 19 шақырым автожолға – 4 010,0 млн.теңге, 4 км автожол мен 12 көпірді күрделі жөндеуге – 1 799,6 млн. теңге, 293,3 км жолды орташа жөндеуден өткізуге 8 881,1 млн. теңге бағытталады.
Жалпы 2025 жылға дейін «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 188,7 км жолға құрылыс пен қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу,120,2 км жол мен 16 көпірдікүрделі жөндеу, облыстық маңыздағы 1 480 км автокөлік жолынаорташа жөндеужалпы сомасы шамамен 148 511,9 млн.теңгеге жүргізіледі деп жоспарланған.
Қабылданған шаралар мен жоспарланған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде «Нұрлы Жол» бағдарламасымен 2025 жылға дейін облыстық маңыздағы жолдардың үлесін 99 %-ке жеткізу көзделіп отыр.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

Кілтсөздер:ЖОБА АЯСЫНДА


ПІКІР ЖАЗУ