Күші адал, еті харам, хайуан

0
2160

Аспан астындағы, қысық көз елінің жемейтіні болсайшы. Жыбырлаған жәндіктен бастап, төрт аяқты жан-жануарлардың бәрін азық еткен Қытай елі өз жерінің табиғат байлығын түгісіп болып Қазақстанға ауыз салғалғы бойымызды үрей билейтін болды. Әу деп нарықтық жүйе басталып, шекара ашылып, сауда-саттық басталғанда қазақстандықтардың көбі көрші елге темір-терсек, тері, жүн өткізіп сабылды. Тіпті электр бағаналарына өрмелеп шығып, алюмин сымдарын қиып, тоқтаған кәсіпорындардың құрал-саймандарын тонналап өткізген кездер кеше ғана еді. Одан кейін тау-тасты кезіп, дәрілік шөптердің тамырына балта шауып, қара жерді қырық-шоқпыт жасадық. Оның зиянын болашақта өзіміз тартанынын біле тұра көз жұмбайлыққа бардық. Ол аз болғандай, елді мекендерде шаруалардың күн көріс көзіне айналған салпанқұлақ есекке де тықыр таянғалы төрт-бес жылдың жүзі болды.

Қытай есектің еті мен терісіне сұраныс салғанда, ауылдағы ұры-қарылар, жұмыссыз жүргендер үйірімен жүрген есектерге қырғайдай тиді. «Бір есекті — 25000 мен 30000 теңге аралығында алады екен» деп далада жүрген хайуанды аңдығандар, сол есегімен күн көріп отырған жанұялардың қорасына қасқырдай шапты. «Ойбай миллиардтаған елде азық-түлік тапшылығы сезіліпті, содан ғой бұлар көзіне көрінгенде жей беретіні, енді есекке де ауыз салыпты» деген дақпырыт шыққан-ды. Сөйтсек, оның астарында үлкен мән жатыр екен.
Есектен екі есе пайда тауып отырған шығыс елі оның еті мен терісінен денсаулыққа пайдалы тағамдар жасап, дәстүрлі медицинаға қолданатын болған. Енді есек өнімін, өз елдеріне жеткізу үшін қытайлар әлем нарығына шыққалы, есегін күзеткендер күндіз күлкі, түнде ұйқысынан қағылды. Сұраныстың жоғарылығы соншалық, Африкада жұмыс күші саналатын есектің бағасы екі есеге өсіпті. Себебі, қытайлардың сұранысы бұл елге де жеткен. Мәселен, Кенияда соңғы жылдары үш бірдей есек соятын қасапхана ашылған. Онда күніне 150 есек сойылып, оның терісінен алынатын желатиннің бір келісі Қытайда 388 долларға бағаланған көрінеді. Интернет көзіндегі ақпараттарға қарағанда, Ұлыбританиялық The Donkey Sanctuary ұйымы мәліметі бойынша жыл сайын әлемде 1,8 млн. есек терісі сатылса, жалпы сұраныс 10 млн. шамасында делінген.Нарықтық жүйе, қандай сұраныс жасаса адамзат баласы соған қарай икемделе беретіні, жолын тапқан пысықайлардың обал – сауапты жиып қойып, жұмыртқадан жүн қырқып, ақша үшін арсыздыққа баратынына қазір қайран қалмайтын болдық. Алла-Тағалла жаратқан мақұлықтың терісі үшін көздері қанталағандар оларды басынан атып, сойып, терісін сыпыру үшін ашықтырып қоятыны, айуанға көрсеткен зәбір емей немене. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» демекші, осыдан төрт-бес жыл бұрын «біздің оңтүстік елде де, есек шаруашылығы қолға алынбақ» деген жаңалық желдей гулеген. Бұл ақпараттың таралуына 2016 жылы Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған тұста Гүлмира Исаева Астанадағы орталық коммуникацияда өткен баспасөз конференциясында мәлімдегені, журналис-терге қоламтаны қоздатуға түрткі болған. Алайда, бұл ақпаратты теріске шығарған. Сол кезеңде, Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің қоғаммен байланыс басқарма басшысы болған (қазір Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі) Жасұлан Әбдіхалық «Азаттыққа» берген сұхбатында вице-министр Гүлмира Исаева есек бағуға қатысты айтқан сөзін «ойын дұрыс жеткізе алмағанын, Қытай жағынан есек терісіне сұраныс болғанын, бірақ, оны жіберу үшін оңтүстік жақта арнайы шаруашылық ашу керек болатынын ғана айтқысы келген» деп түсіндірген болатын. Аузынан авария болған экс вице-министрдің сөзінен соң Жасұлан Әбдіхалықтың: «Қазақстанда есекке санақ жүргізілмейтінін, Қазақстан мен Қытай арасында есек сату туралы ешқандай үкіметтік келісім жоқ-екенін мәлімдеген болатын. Алайда, сауда көзіне айналған салпанқұлаққа бөрідей тигендер басы мен ішек-қарнын сойған жерлерінде тастап кетіп, елді шулатқандардың соңына полицейлер шырақ алып түскен-ді. Тіпті, Өзбекстанда есек етінен тағам дайындалғандар ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қырғызстанда есек бағып, Қытайға экспорттау ісі дауға айналды. 2 мың бас есек Қытайға сатылғаннан кейін жергілікті тұрғындар мұндай кәсіпке наразы болып, есек сатуға заң жүзінде тыйым салуға шақырды. «Бақсам бақа екен» демекші, есек туралы тарих айырқалпақтарда кеңес одағы кезінде болғанын өздері ақпарат құралдарына жар салып жариялады. Бүкіл Совет одағына жалпақ танау өсіруді міндеттеп, шұжығы мен майын жегізген компартия Қырғызстан арқылы Еуропаға есек етін шығарыпты. Соны құлақтары шалған қисық көздер Алатаудың арғы жағындағы айырқалпақты елді аралап, есек бағуға қолайлы аудандарды аралаған.
Қырғызстан үкіметінің ресми өкілі «есек экспорттау – заңды іс» дей келе, Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік инспекция жетекшісі Қалысбек Жұмақанов «2008 жылы Қырғыз-Қытай үкіметтері арнайы келісімге қол қойғандарын, 2008 жылғы келісімге 2015 жылы қосымша хаттама жасап, 1700 бас есек сатуға рұқсат бергендерін айтқан-ды. Есек бағып экспорттайтын үш фирманың екеуі – қытай кәсіпкерлеріне тиесілі екенін, есекте қой сиыр сияқты жануар оны тірідей қытайға алып кетсе тұнып тұған бизнес көзі» деп Жырғалбек Сағынбаев айырқалпақты шенеунік ашық айтқан болатын. Бұл елде есек сатуды академиктер де қолдаған. Масқара болғанда осы елде былтыр пандемия мен ковид асқынғанда есек сауып сүтін ішкендер туралы ақпаратты көгілдір экран көрсеткенде, «Астапыр-Алла ненің адал, ненің харам екенін айырмайтын күйгеде жеттік-ау» деп бір шошынғанбыз. Бұл хабар осымен басылғандай болғанда ,жақында қазақстандық көгілдір экраннан «есек жоғалып жатыр, бір есекті 40-150 мың аралығында сатып алады» — деген ақпарат тағыда бомба жарылғандай бұрқ ете қалды. Есектің терісіне телміргендер қыруар пайда табатын көрінеді. «Есек терісін қабылдаймыз» деген жарнамасы жар салып тұр деген «Заман кз» тілшісі телефон арқылы жарнама берушілерге хабарласып сөйлескендері желіні жарды.
Ең қорқыныштысы қытай елі есек етінен түрлі тағам жасайды дегені зәре құтымызды қашырып тұр. Есекті ұрлап, сойып, терісін сыпырып жүргендер, базардағы ет сатқыштармен ымыраласып жылқының еті деп саудалап жібермесіне ешкімде кепілдік бере алмайды. Себебі, бір кездері қоян өсіруші шаруалар істерін дөңгелеткенде, базарда қоянның еті деп мысық етін саудалағандарды тұзақтаған кезеңдер болған. Ең сорақысы, есектің сүті дәрі екен деген айырқалпақты ағайындар жануарды сауа салып, шелектегі сүтті бастарына көтере ішкенін эфирден көріп, жерінгенбіз. Нарықтық жүйеде неше түрлі сұмдықтарды көріп, адал мен арамды пайымдай алмайтын дәрежеге жеткеніміз өзекті өртейді. Төрт түліктің ішіндегі Ойсылқараның дәретін дертке шипа екен деп ішіп, түйенің артын жағалап кеткендерді де көрдік. Енді, бар мәселе, айналып келіп есекке тірелуде. Қытай мамандарының айтуынша есек терісіндегі алынатын «эцзяо» – желатин бет-терісін жасартатынын айтылуда. «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Қытайдағы «Конфуций» институтының Минчжоу Линин есімді қызметкері бұл елде есектің еті мен терісі ежелден шипалық қасиеті бар деп саналатынын айтыпты. Яғни, оның терісінен дəрілік заттар алатын көрінеді, ал еті витаминдер мен минералдарға бай құнарлы азық саналады екен.
«Қытай емшілері осыдан екі мың жылдай бұрын, есек терісінен алынған дəрілер қан аздықтан қорғайтынын, ағзаның қорғаныс қабілетін арттыратынын анықтаған. Оны бедеу əйелдерге қолдануға да кеңес беріледі. Əсіресе, бізде «эцзяо» деп аталатын дəріге сұраныс күшті. Ол негізінен, əйелдер косметологиясында пайдаланылады, теріні жасартып, жасартады. Оны құрғақ жөтелге, бас айналуына қарсы, суықтап ауырғанда пайдалануға да болады» – депті Линин. Түсінгеніміз, бүгінде жоғарыда аталған «эцзяо» Қытайда шығарылатын өсімдік шайларының көбінің құрамында болады екен. Ал, оны өндіру үшін Қытайда көптеген есек фермалары ашылыпты.
Алынған өнім бүгінде Шығыс Азия, Еуропа елдеріне, АҚШ-қа көптеп экспортталады. Жыл сайын төрт-бес тонна «эцзяо» шығарылады, ол үшін жылына 1 миллионға жуық есек сойылады деген ақпаратты құлағымыз шалды.
«Мәссаған-безгелдек» қытай ғалымдары өздерінен шығарылатын өсімдік шайларының құрамында есектен алынған өнімдер барын ашық айтыпты. Ал, сауда-саттықпен келген өсімдік шайын қазақстанда кімдер ішпей жүр десеңізші. Есектің еті, сүті, терісіде де дәрі болғаны рас болса, ал жерініп көр! «Халал шұжық, халал монша» дегендей, бір күні есектің етіде халал деп азғынданып кетпесек болды ғой! Себебі, есек ұрлаушылар, басын кесіп, ішек-қарнын далаға тастапты, ал оның етінің қайда кетіп жатқанын, құзырлы органдар мен бір Құдайға ғана аян!

Айтақын МҰХАМАДИ


ПІКІР ЖАЗУ