Жетісудың жүрегі

0
1328

Осыдан 20 жыл бұрын Елбасының жарлығымен Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығына айнал­ды. Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дары қала көңіл көншітпейтін халде еді. Бүгінде Талдықорған адам танымастай өзгерді.

Тарихы терең шағын қаланың 20 жылдығын 22 қазанда атап өту жоспарла­нуда. Іс-шараны өткізу ал­дында «Jetisy media» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тұрғындар арасын­да блиц-сауалнама жүргізіпті. Бұл туралы «NUR.KZ» сайты жария етті. Сауалнама Талдықорған қаласындағы үлкен буын мен жастар арасында жүр гізілген. Осы орайда, об­лыс орталығының 20 жыл- дық мерейтойын алдағы уақытта атап өту жайындағы ақпаратты естіген қарттар бұрынғы Талдықорғанмен бүгінгі жаңа кейіптегі қаланы салыстыра отырып еске алған. Мәселен, Сергей есімді қала тұрғыны былай дейді: «Мен бұл қалада тұрғаныма 47 жыл болып­ты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қала көркі мәз емес еді. Облыс орталығы бол­май тұрғанда қалада жастар саны да аз болатын. Енді міне, араға 20 жылды артқа тастап қарасаңыз әсем қаламыз шы­райланып, гүлдене түсті. Қала халқының басым бөлігін жастар құрап отыр. Сонымен қатар көз алдымызда шағын аудандар өсті, мәдени нысандар салынды, инфрақұрылым дамыды. Осын­дай қалада тұрып жатқанымды мақтан етемін».

Блиц-сауалнама жүргізу тұсында 100-ден аса қала тұрғынының пікірі ескерілген. Және олардың дерлігі өз қаласын жақсы көретіндігін, мақтан ететінін айтқан. «Талдықорған қаласын неге жақсы көресің?» деген сұраққа көпшіліктің берген жауабы бір сарынды. «Мұнда мен балалық шағымды өткіздім. Осы қалада достар таптым және алғашқы махаббатымды кездестірдім. Талдықорған – біздің кіші От­анымыз». «Сіз туған қалаңызды не­мен байланыстырасыз?» де­ген сауалға орай тұрғындар белгілі бір көрікті жерлер мен нысандарды атаған, оның ішінде сақинадағы стела, кіреберіс арка, саябақтар және тағы басқалар бар. Ал, осы сұраққа қатысты бір қала тұрғыны былай деп жауап бер­ген. «Талдықорғанды қазақтың әйгілі ақыны және классигі Ілияс Жансүгіровпен байланыс- тырамын».

БҰЛ туралы сіздің жауабыңыз қандай, көзі қарақты оқырман?! Редакциямызға хат жазып, хабарласып, Жетісудың жүрегі болып табылатын Талдықорған қаласы туралы біліп, көргендеріңізбен бөлісуге әбден болады.

С. БАЗАРҚҰЛОВА.


ПІКІР ЖАЗУ