Баланың үйірмеден үйренері көп

0
1401

Айжан МЫРЗАТАЕВА:  «Мейірім» шығармашылық орталығында «Бейнелеу мен графика» үйірмесінің жетекшісімін. 4 жастан 15 жасқа дейінгі  балалар қатысады.  Қосымшада оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырма беріледі. Менің мақсатым – білім алушылардың  үйірмеде толық  та,  нәтижелі еңбек көрсетуімен  қатар,  ептілігі мен қабілеттерін арттыру.  Жалпы,  осы кескіндеме  мен графика жайлы ілімдерін кеңейтіп, шығармашылық шеберліктерін арттырып, білім алушылардың қызығушылығын ашу. Бастысы,  осы жылдың қыркүйек айынан бері оқушыларым үлкен деңгейге жетті деуге болады.  Атап өтсем, Базельбай Айзере, Сәду  Малика,  Альмурат,  Махаббат,  Анар өте жақсы нәтиже көрсетті.  Шәкірттерімізге  жұмысты орындау,  сурет салу тәсілдерінің,  кескіндеме, графика заңдылықтарын үйрете отырып, оны ұлттық өнермен ұштастыра сабақ берудеміз.  Атап өткен балаларым қазіргі таңда жақсы дәрежелер  көрсетуде».

Зухра  ЖУМАДИЛОВА:  «Қызым – Айсұлу Айдосқызы  алты  жаста. Отбасында  Айсұлу  үшінші бала.  Алдыда ағасы,  әпкесі және  інісі  мен сіңілісі бар. Балаларымның барлығының  бір-бірімен  қарым-қатынасы  жақсы,  тату-тәтті,  бауырмал.  Қызым қаладағы  №10 мектеп-гимназиясында оқиды.  Бос уақытында бауырларымен ойнайды, сурет салады, далаға шығып достарымен  ойнағанды  жақсы  көреді. «Мейірім»  шығармашылық  орталығына барып  жүргеніне  екі  айдан  асты.  «Бейнелеу»  мен «Домбыра»  үйірмесіне  қатысады.  Қызыма  сабақтан тыс уақыттағы  осындай шығармашылық үйірмелер  өте  ұнайды.  Осы қосымшалар арқылы көп нәрсені үйренуде. 

«Мейірім» шығармашылық орталығының ұжымына көптен көп рахмет.  Балалардың  қызығушылықтарын  арттырып,  оқуға  зейіндерін ашып,  таланттарын  дамытып  жатқандарына  алғыс  білдіремін!»

Жансая АЛКЕНОВА:  «Отбасымызда үш бала.    Қызым – Нұрай Ілиясқызы,  тұңғышымыз,  жасы онда.  Еркін ауылындағы  №26 мектепте оқиды. Оқуда озат.  Математика пәнінен Республикалық олимпиадаға қатысып,  мадақтама алған. Сонымен қатар ағылшын тілін жақсы көреді. Сабақтан кейін бос уақытында көп сурет салады, анда-санда бисерлармен жұмыс жасайды.  Қыз бала болғасын ба,  шаш өріп үйреніп жүр, бет әрлегенді де ұнатады. «Шопан ата» деген байқауға қатысып, сурет салудан мақтау қағазын алған болатын.  Қазір  «Тұлға  болам» атты байқауға қатысып, үш кезеңінен өтті.  «Мейірім»  шығармашылық орталығындағы  «Сурет», «Тігін үйірмесіне» барады. Өзінің сурет салуға қабілеті жақсы болған,  орталыққа барғалы  одан да жақсы салатын болды.

Ортаншы қызым – Жанерке Ілиясқызы. Ол да №26 мектепте, 2-ші сыныпта оқиды. Оқу озаты. Республикалық  «Дара бала»  журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Ана тілім – ардағым»  атты  байқауда қолөнер аталымы бойынша өнер көрсетіп, 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. «Мейірім» шығармашылық орталығындағы  «Оригами»  үйірмесіне барады. Ұстаздарынан көп нәрсе үйреніп келіп, үйде бос уақытында сонымен айналысып отырады.

Қыздарымның осы орталыққа барғанына қуанамын. Балаларға өте жақсы мүмкіндіктер берілуде. Орталықтың  ұжымына айтар  алғысымыз шексіз. Жұмыстары өркендей берсін!»

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ