Баспасөз хабарламасы

0
245

Құрметті қала тұрғындары,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры гастрольдік сапармен Талдықорған қаласына келеді.

Театрдың негізін қалаушы қазақ балет өнерінің майталманы  ҚР Халық әртісі Болат АЮХАНОВТЫҢ  басшылығындағы мелекеттік академиялық би театры  3 қараша  сағат  18:30 де  І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының  сахнасында  «GALA  BALLET» классикалық балеттің жауhарлары мен жарқын бағдарламасын қала тұрғындарының назарына ұсынады.

Бұл кеште қала тұрғындары  мен қонақтары еуропалық композиторлардың тамаша музыкасы мен Болат Аюхановтың таңғажайып хореографиясын, жарқын бейнелерін, балет әртістерінің таланттарын тамашалайды және классикалық балеттің тамаша атмосферасына енеді. Келіңіздер, көріңіздер! Әсерлі кештің куәсі болыңыздар!

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ