«САУАТТЫ ТҰТЫНУШЫ – ЖАУАПТЫ БИЗНЕС»

0
416

Жетісу облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын  қорғау  департаментіне жыл  басынан  бері   77 өтініш түскен. Оның ішінде 30-ы оң шешімін тауып, 1 541 000  теңге тұтынушыларға  қайтарылды,  46  өтініш бойынша түсіндірме жұмыстары   жүргізілді. Өтініштердің алдыңғы қатарында  бөлшек  сауда  мен  тұрмыстық  қызмет  көрсету саласы тұр.  Бұл  туралы  Өңірлік  коммуникациялар алаңында  өткен  баспасөз  мәслихатында  ҚР Сауда  және Интеграция  Министрлігі сауда және тұтынушылар құқықтарын  қорғау департаменті» РММ  басшысы  Еділ Зайытбеков  айтты.

Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің атқарған жұмыстары және облыс бойынша  тұтынушылардың   құқықтарын қорғау жайында өткен баспасөз мәслихатына тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әмір Ғазалиев те қатысты.

Спикер ҚР Премьер-министрінің орынбасары Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсанындағы бұйрығы негізінде  2023 жылдың 23 қаңтарынан   бастап Жетісу облыстық Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті деп өзгеріп, облыстық сауда департаментімен бірге қосылғанын мәлімдеді.

Баяндамашы сөзінше, бүгінде тұтынушылардың өтініштері ай сайын 25-30 пайызға өсіп, бұл – халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейінің артқанын көрсетіп отыр. Осы  саладағы проблемалық бағыттар  –  шағымдардың 65,1 пайызға жуығын құрайтын бөлшек сауда теріс жетекшілік етеді (тиісті және сәйкессіз сападағы тауарларды қайтарудан бас тарту, ақша қаражатын қайтарудан бас тарту туралы өтініштер және т.б.)  және арыздардың 5,58 пайызы  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына (коммуналдық қызметтерді сапасыз көрсетуге, тарифтерді негізсіз көтеруге, электр есептегіштерін заңсыз тексеруге және ауыстыруға, электр желілерін заңсыз басып алуға, газ таратушы компаниялардың үстінен түскен шағымдарға және т.б.) қатысты жиілеген. «Сауатты тұтынушы – жауапты бизнес»

«Сіздердің барлығыңыз тұтынушы екеніңізді атап өткім келеді. Сондықтан, сатып алған тауарыңыз, көрсетілген қызметіңіз сапасыз болып шықса немесе қайтарусыз және ауыстырусыз сізге жеткізілмеген жағдайда Жетісу облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуыңызға болады. Сондай-ақ Instagram, Facebook, Telegram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларымызға жаза аласыздар. Сондай-ақ  eotinish.kz  және  e-Tutynushy.kz. платформалары арқылы өтініш беруге болады», – дейді  департамент басшысы.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ