Мектеп ұжымымен жүздесті

0
316

  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына «AMANAT» партиясынан партиялық тізім бойынша кандидат Болат Керімбек Текелідегі N4 орта мектебінің ұжымымен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Кездесуге партия ардагерлері Жомартқали Жексембинов, Әсия Ахметова, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Гүлнар Тойлыбаева, Константин Нестеров және облыстық, қалалық штаб мүшелері қатысты. Ж.Жексембинов Текелі қаласына қатысты ыстық естеліктерімен бөлісіп, кезінде өндіріспен өркендеген қаланың бай табиғи ресурстарын өзек ете отырып, алдағы уақытта басқа салаларда да ауқымды дамуына жол ашу қажеттігіне назар аударды. Штаб мүшелерінің әрқайсысы сөз алып, партия бағдарына тоқталды. Жол бастап, қолдау көрсетіп келген аға буынға алғысын айтқан Б.Керімбек: «Мен жастар, ұлт тәрбиесі, кәсіби бағдарлану бағытындағы көп жылғы тәжірибеммен ұштастырылған жоспарларымды іске асыруға бар күш-жігерімді саламын. Осы жиында айтылған ұсыныс-тілектердің де оң шешілуі үшін әріптестеріммен бірге жұмыс істеймін», – деді.


ПІКІР ЖАЗУ