Меморандумға қол қойды

0
408

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» республикалық штабының ашылуында қоғамдық бірлестік төрағасы Азаматхан Әміртаев барлық облыстардың, Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың өңірлік штаб басшыларының алдында партияның сайлауалды тұғырнамасын ұсынды.

Ресми ашылуға партияның республикалық штабының басшысы Қайрат Айтбай, партияның атқарушы хатшысы Нұрлан Көптілеутегі, партия хатшысы Шыңғыс Лепсібаев, Ұлттық ақпараттандыру және телекоммуникациялар қауымдастығының атқарушы директоры Азамат Колов, ҚР Парламенті Мәжілісіне және «Байтақ» партиясының мәслихаттарына кандидаттар және партияның жақтастары қатысты. Іс-шара аясында «Қазақстандық «Байтақ» Жасылдар партиясы ҚБ, «ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ және «Ұлттық ақпараттандыру және телекоммуникация Қауымдастығы» ЗТБ арасында ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою инновациялық жасыл технологияларды енгізу үшін жаңа жұмыс орындарын

құру және дарынды жастарды оқытуға бағытталған.

 


ПІКІР ЖАЗУ