Дайындық жұмысы пысықталды

0
303

Қазақстан Халық партиясының басшысы Ермұхамет Ертісбаевтың төрағалығымен өткен республикалық штабтың отырысында партияның алдағы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына дайындық жұмыстары пысықталды.

Басқосуға қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері

мен штаб мүшелері қатысты. Алдағы сайлауда партия атынан 600 кандидат бақ сынайды. Оның 40 пайызы бір мандатты сайлау округтері бойынша түседі. «Күнтізбелік жоспар бойынша еңбек ұжымдары, тұрғындармен кездесулер өткіземіз. Алдағы бір ай ішінде ірі қалалар мен аудан және ауылдық жерлерде 3 мыңға тарта шара өткізу жоспарланған. Сайлау компаниясында алқынбаймыз деп ойлаймын. Командамыз мықты, оптимизмге толы. Келешекке үмітпен қараймыз»,– деді Е.Ертісбаев. Штаб төрағасы орынбасарының айтуынша, депутаттыққа кандидаттар елге танымал тұлғалар, қоғам белсенділері мен жастар. Сонымен қатар, отырыс барысында сайлаушылармен алдағы кездесулер жоспары, өңірлерге шығу кестесі талқыланды.


ПІКІР ЖАЗУ