Науқанды Ұлытаудан бастады

0
335

«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы науқан жұмыстарын ұлт ұясы Ұлытау облысынан бастап, алдымен Жошы хан кесенесіне барып құран бағыштады.

«Тұлпарының тұяғының дүбірі Еуропаны дірілдеткен, жарты құрлықты жаулаған Алтын Орданың атасы, ұлық ұлыстың ұлы ханы Жошы ханның Ұлытаудағы кесенесінде тұрмыз. «Ақ жол» неге сайлау жорығын Ұлытаудан бастады?! Бағзы заман тарихын балбал тастары жырлап тұрған бұл өлке саф алтыннан сауыт киген сақтардан бастасақ та, қуатты ғұндарға құлаш сілтесек те, көк аспан астын жаулаған көк түріктерден, ұлық ұлыстан, Алтын Орда мен қанатын кеңге жайған Қазақ хандығынан тамыр тартатын Алаш ұстанымын ұстанған «Ақ жолдың» сайлау жорығының ақ жолын Ұлытаудан бастауының сыры осында жатыр»,– деді Қазыбек Иса.

Партияның республикалық штаб өкілдері Қ.Иса мен Б.Дүйсембинов ұлытаулық сайлаушылармен кездесіп, баспасөз конференциясын өткізді. Республикалық штабтың өкілдері үгіт-насихат кезеңінде еліміздің барлық өңірін аралап, 21 қалаға баруды жоспарлап отыр.


ПІКІР ЖАЗУ