Сайлаушылармен кездесті

0
331

Астана қаласында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидаттар А.Рахимжанов пен Н.Әуесбаев сайлаушылармен «Қазақстандағы өмір сапасының стандарттары қандай болуы керек» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Депутаттыққа кандидаттар сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Іc-шара барысында әлеуметтік мәселелер көтерілді. Партиялықтар өмір сүру сапасының стандарттарын жасақтау және енгізу жөнінде мәселені Парламентке бастамашылық жасауға ниетті. 22 ақпанда ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат М.Насибулов пен бірмандаттық округ бойынша кандидат В.Смоквин Ақмола облысы сайлаушыларымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Жиында денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды.


ПІКІР ЖАЗУ