Ойын алаңдары ашылды

0
321

Көксу ауданының Мәулімбай және Жарлыөзек ауылдарында балалар ойын алаңдары пайдалануға берілді. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жарлыөзек ауылында бұған дейін ойын алаңы болмаған. Сондықтан ауылдағы Идигов көшесінен арнайы орын белгіленіп, бір мезгілде 30 бала ойнай алатын жаңа алаң салу жоспарланған болатын. Мердігер ұйым «АТС Build» ЖШС алаң құрылысын шілде айында бастап, белгіленген мерзімі – қыркүйек айының соңында аяқтады. Жобаның құны – 18,5 млн. теңгеге жуық. Нысан соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған.
Осы күні Мәулімбай ауылындағы Жеңіс орта мектебінің жаңарған стадионы жөндеуден кейін пайдалануға берілді. Оған ағымдағы жөндеу жүргізіліп, 108 шаршы метр балалар ойын алаңы, 108 шаршы метр Workout спорт алаңы мен қоршаулы 800 шаршы метрлік шағын футбол алаңы салынды. Стадионға жөндеу жұмыстарын атқарған мердігер ұйым – «Кенженова» ЖК айналасы 4 айдың ішінде жобаны аяқтаған. Жобаға 22,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ