«Ел қорғаны – Ескелді»: Мүшәйра жеңімпаздары анықталды

0
543

Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Жетісу облысының әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Ескелді би» қоғамдық қоры, Жетісу облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалы бірлесе, ел тұтастығы мен береке-бірлігін сақтауға өлшеусіз үлес қосқан даңқты бабаларымыздың бірі – Ескелді бидің 330 жылдығына арналған респуликалық ғылыми- конференция мен «Ел қорғаны – Ескелді» жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

Жыр додасына Абай, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы, Астана, Талдықорған, Шымкент қалаларынан 50 — ге жуық ақын қатысты. Қазылар алқасының шешімімен 11 ақын іріктеуден өтіп, жүлделі орындарға қол жеткізді.

«Ел қорғаны – Ескелді» жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдесін Заида Елғондинова иеленіп, арнайы диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ал жүлделі бірінші орын Жұмағұл Құрманғазыға бұйырды. Екінші орынға үш ақын лайықты деп табылды. Олар: Мұхтар Күмісбек, Асыл Сұлтанғазы және Ахмет Өмірзақов. Үшінші орынның жүлдегерлері болып Гүлбақыт Қасен, Хамит Есеманов, Бәзілхан Әбдіғани танылды. Сонымен қатар «Қабан жырау» атындағы арнайы жүлдені Жомарт Игіман, «Ілияс Жансүгіров» атындағы арнайы жүлдені Айтақын Бұлғақов,

«Жұматай Жақыпбаев» атындағы арнайы жүлдені Қалқаман Абдрахманұлы иеленді.

Барлық жеңімпаз ақындарға диплом және ақшалай сыйлық табыс етілді. Жүлделеріңіз, құтты болсын!

 «АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ