ЕЛУ БАЛАНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

0
260

Наурызнаманың Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында бір мезетте 50 сәбидің тұсауы қатар кесілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық дәстүр шарасы бүлдіршіндерге бата берумен басталды. Осы рәсімге арнайы келген «КИнЭС» Рекордтарды тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков елімізде осындай ауқымдағы тұсаукесер алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтіп, 50 баланың бір мезетте бірдей тұсаукесері өткізілгені жайлы фактінің Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілгенін растайтын сертификат табыстады. Мұнымен қоса Қазақстанның рекордтар кітабының соңғы шығарылымын да сыйға тартты.
Тұсаукесер — баланың өмірдегі жолы жеңіл және жарқын болуы үшін атқарылатын рәсім. Тұсауы кесілген кішкентай бала тез аяққа тұрып, үлкен өмірге нық қадам жасайды деп ырымдалады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ