ЖҮЛДЕГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

0
213

ХХХІ Халықаралық «Туймаада» олимпиадасында Жетісу облысынан бес оқушы қатысып, нәтижесінде «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары жүлделі орынға қол жеткізді. Атап айтсақ, информатика пәні бойынша Исмағзи Исатай І орын, математика пәні бойынша Сайлаубай Әл-Тайыр ІІІ орын мен «Күрделі комбинаторикалық есепті шешуде оңтайлы тәсілді қолданғаны үшін» номинациясын иеленді. Бұл туралы ақпарат Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифингте белгілі болды.

Баспасөз мәслихатында Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов осындай білімді оқушыларды жарысқа қосқан білім ошағының (Айбек Дадажанұлы мен Рауан Жанарбекұлы) мұғалімдеріне, балалардың ата-аналарына шексіз алғысын жеткізіп, оқушылардың ұстаздарына Құрмет грамотасын табыс етсе, жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларды ақшалай сыйлықпен марапаттады.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері оқушылар мен жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуды ынталандыру, іргелі ғылымдармен айналысуға тарту, халықаралық ынтымақтастық пен қарым-қатынас нысандарын кеңейту болып табылады.

З. БЫЖЫБЕК.


ПІКІР ЖАЗУ